ШҚО-да Рухани келісім күнінің 30 жылдығына арналған облыстың діни бірлестіктерінің өкілдерімен салтанатты кездесу өтті

ШҚО-да Рухани келісім күнінің 30 жылдығына арналған облыстың діни бірлестіктерінің өкілдерімен салтанатты кездесу өтті

2022 жылдың 18 қазанда Рухани келісім күнінің 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасымен облыстың діни және этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғимаратында салтанатты кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстың үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен студенттер қатысты.

Аталған іс-шара барысында, Қазақстандық қоғам үшін Рухани келісім күні -діни толеранттылық пен конфессияаралық үйлесімділіктің символына айналғанын ШҚО ДІБ басшысы Н.Е. Құнанбаев атап өтті.

Қазіргі уақытта, Қазақстанда өз қызметін 18 конфессиянының 3384 діни бірлестіктері жүзеге асырады.

Айта кетсек, тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап, біздің еліміз өзінің дамуының басты аспектісі ретінде бейбітшілікті, келісімді және бірлікті анықтады. Күрделі геосаяси жағдайда қазақстандық қоғамның көпұлттылығы мен көпконфессиялылығы баға жетпес байлық пен ажырамас артықшылыққа, сондай-ақ әлемнің басқа елдері үшін үлгі болды. Осының арқасында Қазақстан Республикасы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізуге бастамашы болып, барлық әлемдік конфессиялардың өзара іс-қимылы жөніндегі функцияны өзіне алды.

Өз кезегінде, қазіргі қазақстандық қоғамның басты құндылығы - бірлік, бейбітшілік пен келісім болып табылатынын, оның негізі дінаралық және этносаралық келісім болып табылатындығын облыстың діни бірлестіктерінің өкілдері атап өтті.

Іс-шара барысында этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға және дамытуға елеулі үлес қосқан діни бірлестіктердің басшыларын мерейтойлық медальдармен (рухани келісім аясындағы 30 жыл) және естелік кәдесыйлармен марапаттау рәсімі өткізлді.