Осы Заң басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге, мемлекеттiк органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге бағытталған