Мұсылмандардың діни дәстүрлеріне сәйкес, «Құрбан айт» мерекесінде құрбандық шалу рәсімдері бар.
Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м. а. 2022 жылғы 5 шілдедегі №5 қаулысына сәйкес 2022 жылғы 7-11 шілде аралығында мерекелік іс-шараларды өткізу кезеңінде Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының тұрғындары арасында жаппай тамақтан улануды және жіті ішек инфекцияларын болдырмау мақсатында:
1) тамақтан уланудың алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
2) құрбандық шалу үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған орындарда ғана союды ұйымдастыру және өткізу;
3) тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарын сақтау және жеткізуші адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету қажет.