Меню

Страницы

Статья

Мамандығына адалдық

«АДАМНЫҢ КӨЗІ ТІРІСІНДЕ ЖҮЗ ПАЙЫЗ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТУҒА БОЛАДЫ» ДЕГЕН ХАЛЫҚ СӨЗІ САНИТАЛЫҚ АВИАЦИЯ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ

Өңірімізде қысты қойып, жазда да жету оңай емес шалғай елді мекендер бар. Бұл ауылдардың тұрғындары  ауырып-сырқап қалғанда, әсіресе жүкті әйелдерге шұғыл көмек қажет болғанда, оларға медициналық авиация дәрігерлері көмекке келеді. «Тірі кезінде ескерткіш қоюға лайық» деген қанатты сөздер дәл осы медициналық авиация дәрігерлеріне арналып айтылған сияқты.

Әйелдер аурулары кезінде, әсіресе жүктілікке немесе босануға байланысты бригада құрамында міндетті түрде гинеколог болады. Облыстық аурухананың гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Наталья Удалова он бес жылдан астам осындай шұғыл іссапарларға шығып келеді. Осы жылдар ішінде қаншама  ана мен баланың өмірін сақтап қалғанын есептеу мүмкін емес. Ондай статистика жүргізілмейді және мәселе бұл көрсеткіштерде де емес. Ең бастысы - дәрігер науқастың қасына дер кезінде жетіп үлгерді, оған көмек бере алды. Әуе кемесінің бортынан түсетін дәрігерлерді науқастар «періштелерді» күткендей тосады, соларға  үміт артып, сенеді.

 -Көбі артынан жылы сөздер жазып, мерекелермен құттықтап тұрады. Тарбағатай ауданында біз бірде  босанғаннан кейін қан кетіп жатқан 18 жастағы әйелді құтқарып қалдық. Оның жағдайы өте ауыр еді, беті бері қарағанша, үш күн бойы қасында болдық. Содан бері қаншама уақыт өтті, ал қыздың анасымен әлі байланысты үзгеміз жоқ, қазіргі жағдайлары қандай екенінен үнемі хабарДар етіп, әрдайым ризашылықпен хабарын жазып тұрады, — дейді Наталья Михайловна.

Авиациялық медицина бригадасына шақырту келіп түскен соң жиналуға жарты-ақ сағат беріледі. Барлығы алдын ала анық жоспарланады: маршрут Астанамен келісіледі, егер ұшу-қону жолағы бар әуежайы болса, ұшақ бөлінеді,  егер бұл таулы аймақ немесе  орманды аудан болса, «бұрылмалы табақ» (вертушка) көтеріледі. Команда кез келген шұғыл операцияны жасауға дайын тәжірибелі дәрігерлерден жасақталады. Олар өздерімен міндетті түрде өмірлік функцияларды бақылауға арналған мониторды, дефибрилляторды, дәрі-дәрмектерді алады.

Гинекологпен бірге реаниматолог шығады. Бүгінгі таңда облыстың медициналық авиациясында ең білімді, ең батыл үш әйел реаниматолог жұмыс істейді. Егер күрделі араласулар қажет болса немесе жаңа туған нәрестенің жағдайы алаңдаушылық тудырса, неонатолог дәрігер мен тамырды қарайтын хирург қосылады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында медициналық авиация командасының әрқайсысына «тірі кезінде ескерткіш қоюға лайық жандар» деген баға берді. Бұл дәрігерлер - төтенше және өте қауіпті жағдайларда баға жетпес тәжірибе жинақтаған өте білікті мамандар. Бұл мамандар үшін «мүмкін емес» деген жағдай болмайды.

-Шын мәнінде, медициналық авиация деген бұл тек аты ғана. Бортты ауаға тек күндізгі уақытта ғана көтереді, ал біз  көмекке тәуліктің кез келген уақытында шығамыз. Қыста, мысалы, жолдар жабылған кезде, біз жол таңдамайтын өте жақсы көлік МАРШпен шықтық. Бағытымыз - Самар ауданының шалғайдағы бір ауылы. Әйелде толғақ басталған. Айнала ақ түтек боран, көру қашықтығы бір метрге де жетпейді. Шынымды айтсам, мұндай сәттерде жолда қандай қауіп болуы мүмкін  деп ойламайсың, науқасқа  қалай тезірек жетуге болатынын, оған қалай көмектесуге болатын ғана ойлайсың. Біз сол жолы аман-есен жетіп, жас босанған ананы жаңа туған нәрестесімен орталыққа алып келдік, —деп есіне алды бөлімше меңгерушісі.

"Періштелер" бөлімінде жұмыс істеген жылдары Наталья Михайловнаның тәжірибесінде жинақталған оқиғалар  қалың да әсерлі бір кітапқа арқау болуға жетіп қалар еді. Бірде Жарма ауданына барар жолда дәрігерлер жол апатының үстінен түседі. Олар дереу тоқтап, зардап шеккендерге сол жерде алғашқы көмек көрсетіп,  сосын оларды реанимобильдерімен аудандық ауруханаға дейін жеткізіп салған. Уақыт қанша тығыз болғанымен, олар жолдарында кездескен осындай төтенше оқиғаларға тоқтамай, өтіп кете алмайды. Гиппократ антына нағыз адалдық деп осыны айтуға болар.

Осы қыстың басында Зайсан ауданынан шұғыл көмек сұрап, хабарласады. Бригада гемодиафильтрация аппаратын немесе "жасанды бүйректі", керек-жарақтарды, қан препараттарын, дәрі-дәрмектерді алып, енді ұшайық десе, ауа-райы ұшуға жарамайды, тағы да ақ түтек  боран. Ойланатын уақыт жоқ, олар алыс сапарға көлікпен шығуға бел буады. Алайда оларды орта жолдан полицейлер кері қайтарады, аспан жолы ғана емес, жерде де жол жабық екен. Амалсыздан күн райының ашылуын тосуға тура келеді. Ертеңгісін жол тазаланғаннан кейін бригада қайтадан жолға шықты. Науқастың қасында бес күн болған дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап, оның өмірін сақтап қалды.

Дәрігер деген мамандық емес, жүрек қалауы деген сөз бар. Кім дәрігер болуға лайық екенін тағдырдың өзі таңдайды деседі. Қалай болғанда да, Наталья Михайловна ең қиын сәттерде оларға жоғары жақтан бір күш көмектесіп тұрғандай болғанын айтады, солай болғанына имандай сенеді.

Наталья Удалова акушер-гинекологтар жиі кездесетін негізгі үш қиындық - қан кету, босанғаннан кейінгі сепсис және эклампсия немесе жүктілікке бейімделу кезінде әйелдің ағзасында болатын өзгерістер екенін айтты. Егер бұрын, бөлім меңгерушісінің айтуынша, науқаспен не болғанын, оның қандай күйде екенін түсіну үшін өзімен бірге бір сөмке кітап алып жүруге тура келсе, қазір оларға интернет пен нақты, сауатты емдеу хаттамалары көмектеседі. Бұл мамандардың білімсіздігінен емес, өмірде бұрын медициналық тәжірибеде кездеспеген неше түрлі тосын жайттармен бетпе-бет келген сәттер болады. Дәрігер Денсаулық сақтау министрлігі мен бас ғылыми институттарға рахмет айтады, олар кез-келген жағдайға арналған нұсқаулар жазған. Жұмыс әлдеқайда жеңілдепті.

Меңгеруші ең дұрысы, акушерлік пен гинекологияда әйелдердің денсаулығы мен өмірі үшін жанталас болмауы керек деп санайды. Барлығы жоспар бойынша жасалуы керек: алдымен шалғай ауылдардағы жүкті әйелдер есепке алынуы тиіс, содан кейін оларды аудандық ауруханаға шақырады, бақылайды, егер қандай да бір қатерлер анықталса, оны ертерек емдеу арқылы  ана мен баланың өміріне төнген қауіптің алдын алады.

-Дәрігерлер үшін үнемі білім алу, біліктіліктерін ұштап отыру өте маңызды. Бақытымызға орай, бүгінде мұндай мүмкіндіктер көп. Республикалық ғылыми орталықтарға рахмет. Бізде онлайн режимінде сабақтар өткізіліп тұрады, профессорлар дәріс оқиды. Жақында республикалық мамандар Зайсанның дәрігерлерімен күніне екі рет онлайн-консилиумдар өткізді, - деп нақтылады Наталья Михайловна.

Доктор Наталья Удалованың жұмыс күнінің әр минуты жоспарланған. Ол науқастармен кездеседі, тексерулер жүргізеді, операциялар жасайды, облыстық диагностикалық орталықта пациенттерді қабылдайды. Шұғыл науқас туралы сөз болғанда, әріптестері сияқты, облысымыздың ең шалғай бұрышына шығуға қашан да дайын.

Дата публикации
24 апреля 2023
Дата обновления
24 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
24 апреля 2023
Мамандығына адалдық
Ақпарат
24 апреля 2023
Өскемен қаласының "№4 қалалық ауруханасы қызметі туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы