- ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы(бұдан әрі – Басқарма) жыл сайын 1-15 наурыз, 1-15 маусым, 1-15 қыркүйек,
1-15 желтоқсан айларында жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге қосуға өтініштерді қабылдауды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Жыл сайын 25 қаңтарға дейін Тізілімге енген әлеуметтік кәсіпкерлік топтарды өзектендіреді (мәртебені растау).
- Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны Тізілімге енгізу мақсатында Басқармаға қағидаларға сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарына сәйкес келетін құжаттарды арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Қағидаларда көрсетілген өтініш пен құжаттарды жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға Басқармаға қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) электрондық құжаттар нысанында хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, 254095@bk.ru электрондық пошта арқылы береді.
- Өтініш берген сәтте ЖК немесе заңды тұлғалар тіркелген сәттен бастап кемінде 1 жыл өтуі тиіс.
- Туындаған сұрақтар бойынша Басқармаға 8-7232-71-32-57 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз.