Облыста балалар денсаулығын жақсартуға, онкологиялық және жүрек - қан тамырлары ауруларына қарсы күреске, медициналық кадрларға, бастапқы буынды жаңғыртуға және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге, денсаулық сақтауды цифрландыруға, медициналық қызметтер экспортын дамытуға бағытталған жобалар іске асырылуда.
2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖҚТ ауруларынан өлім-жітім көрсеткішінің 20,2% - ға (281-ден 222,24-ке дейін), туберкулезден 15,4% - ға (2,6-дан 2,2-ге дейін), сондай-ақ қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімнің 1% - ға төмендеуі (116,1-ден 114,3-ке дейін) байқалады. Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың 4,4% - ға өсуі (350,4-тен 365,8-ге дейін), және ЖҚТ 0,8% - ға (3302,1-ден 3328,0-ге дейін). Сонымен бірге туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2,75% - ға төмендеді (43,7-ден 42,5).
2023 жылы ШҚО бойынша ана өлім-жітімінің көрсеткіші - 33,7 (3 жағдай) құрады. Сәбилер өлімінің 65 жағдайы тіркелді, бұл көрсеткіш тірі туылғандардың 1 мыңына 7,3 құрады. 2022 жылмен салыстырғанда көрсеткіштің 12,05% – ға төмендеуі байқалады (2022-8,3).
Облыс бойынша барлығы 3131 дәрігер және 8240 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Дәрігерлік кадрларға қажеттілік-170 жеке тұлғаны құрайды. Медициналық ұйымдардың өз қаражаты есебінен білім алушы 60 резидентінің 14 – і ағымдағы жылы жұмысқа келді. Сондай-ақ, 2023 жылы "Семей медицина университеті" КЕАҚ-да жергілікті бюджет есебінен резидентурада 32 маманды оқыту басталды. Осылайша, облыс бойынша резиденттер, интерндер түлектері келгеннен кейін 2025 жылдың соңына қарай дәрігерлік кадрлармен жасақтау жоспарлануда.
Медициналық көмектің сапасын арттыру және ЖТМК-ның жаңа түрлерін енгізу мақсатында 2023 жылы шетелде 7 бағыт бойынша 32 маман оқытылды.
Ел Президентінің Жолдауына сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында ШҚО-да 17 медициналық нысанның құрылысы аяқталды. Жобаларды іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 3,2 млрд.теңге бөлінді.
2023 жылы 2 014,9 млн теңге сомасына 16 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Оның ішінде ЖСТ аясында 5 нысан, "Ауыл-ел Бесігі" бағдарламасы аясында 8 нысан және облыстық бюджет есебінен 3 нысан бар.
Медициналық жабдықтар паркін жаңарту мақсатында 2023 жылы облыстың 12 медициналық ұйымы 1 151 бірлік көлемінде 3,8 млрд теңге сомасына жарақтандырылды.
2023 жылы диспансерлік есепте тұрған 125 мыңнан астам пациент 12,5 млрд теңге сомасына дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілді.
2023 жылы 9 сирек ауруы бар 32 пациент 2 көзден 228,5 млн теңге сомасына дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 7 нозологиядан орфандық аурулары бар 30 пациент 89,5 млн теңге сомасына дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 43 млн теңгеге 22 бала, 46,5 млн теңгеге 8 ересек адам.
Сондай-ақ, "Қазақстан Халқына" ҚҚ қаражаты есебінен 139 млн теңгеге 2 пациент қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 92 млн теңгеге 1 бала, 47 млн теңгеге 1 ересек пациент.
Онкологиялық аурулары бар науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін "Қазақстан Халқына" ҚҚ-мен бірлескен жұмыс жүргізілуде.
2023 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысының өсуі байқалады:
Дәрігерлердің орташа жалақысы-592 мың теңге (өсім 30%), орта медициналық персоналдың орташа жалақысы 2023 жылы 287 мың теңгені (өсім 20%), кіші медициналық персоналдың орташа жалақысы 171 мың теңгені (өсім 17%) құрады;
Облыс халқы үшін 6 емдеу-алдын алу мекемесінде (Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы, Шығыс Қазақстан облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығы, Ана мен бала орталығы, Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы, Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасы) ЖТМК (жоғары технологиялық медициналық көмек) көрсетіледі. 2023 жылы ЖТМК көрсететін медициналық ұйымдардың саны 4-тен 6-ға дейін өсті, барлығы 324 қызмет көрсетілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7,64% - ға артық.
Ауыл тұрғындарына уақтылы скринингтік зерттеулер жүргізу мақсатында 7 жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылды. 2023 жылы 190 елді мекенде 46,9 мың адам немесе жылдық жоспардың 100,2% - ы тексерілді (46,8 мың адам). Барлығы 57,6 мың диагностикалық зерттеулер, 61,8 мың зертханалық зерттеулер, 68,9 мыңнан астам бейінді мамандардың консультациялары жүргізілді. Зерттеу және мамандарды тексеру нәтижелері бойынша 2 234 науқас анықталды, оның 610-ы диспансерлік есепке алынды.
2023 жылы онкологиялық скринингтік тексеруден – 132 257 мың адам, оның ішінде сүт безі обыры - 49 264 мың адам, жатыр мойны обыры - 33 324 мың адам, колоректалды обыр - 49 669 мың адам өтті. Жоспар бойынша 130 мың адам орындалуда – 102%