Байқау кеңесінің мүшелігіне қандидаттарды іріктеу жөніндегі Комиссия мына мекен – жай бойынша конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Қазыбек би көшесі, 11 («ШҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ,тел: 71-11-21, 74-16-00) келесі медициналық ұйымдарда байқау кеңесінің мүшелеріне іріктеу бойынша:
ШҚОДСБ «Шығыс Қазақстан облысының жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК, мекен – жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 149/3, телефон: 8/7232/78-37-73 , ssnmp_uka@med.mail.kz
Аталған кәсіпорындардың мәні мен мақсаты:
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімінің, сондай – ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:
1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бағдары бойынша және (немесе) экономика / қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бағдары бойынша және (немесе) экономика / қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша басшы лауазымда кемінде 3жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) Құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.
Байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайланбайды:
1)өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;
2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болған адамдар;
3)бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар;
4) Байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастағы адам сайланбайды.
Конкурсқа қатысу туралыы өтініш пен қоса берілетін құжаттарды ұсыну мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру соңғы жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде анықталады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні бұқаралық ақпарат құралдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күн өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам (бұдан әрі – кандидат) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш (екі нысанда);
2) Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3)Өмірбаян (еркін нысанда)
4) Кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5)Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
6)2015 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35- бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен берілген атақтар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты,әкесінің аты (бар болса) және мекен жайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1)құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс: Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Қазыбек би көшесі, 11 («ШҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ тел: 71-11-21, 74-16-00)