Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45, 46-бабтарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының  3), 6) тармақшаларына, 125-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 Жарлығына сәйкес                 Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Күршім ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны  Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Марқакөл  ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

  1. Кәсіпорынның тиісті саладағы уәкілетті органы болып Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы анықталсын.
  2. Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы (С.В. Большакова):

1)  Кәсіпорынның Жарғысын және тапсыру актісі бекітсін;

2) Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік коммуналдық меншік тізіліміне өзгерістер енгізсін.

  1. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау (Т.Х. Жігітаев), қаржы (С.В. Большакова) басқармалары заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің  орынбасары                 Д.Б. Сапановқа  жүктелсін.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының

                    әкімі                                                                              Е. Көшербаев

Дата публикации
06 марта 2024