Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін қосымша орналастыру рәсімін өткізу туралы хабарландыру.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында 2024 жылға арналған ТМККК шеңберінде және ММС жүйесінде көрсетілетін қызметтер көлемдерін қосымша орналастыру рәсімін жүргізеді. ТМККК шеңберінде және ММС жүйесінде 2024 жылға жоспарланған көрсетілетін қызметтер көлеміне өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 15 ақпаннаң сағат 18-28-ден бастап 19 ақпанның 13-00-ге дейін.

Денсаулық сақтау субъектілері жоспарланып отырған көлемдерге өтінімді денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталында https://fms.ecc.kz/ сілтеме бойынша бере алады.

Дата публикации
16 февраля 2024