Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы семинар

ШҚО денсаулық сақтау басқармасында ШҚО медициналық ұйымдарының заңгерлері үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары А. Асқар мен ШҚО әкімдігінің құқық қорғау органдары жөніндегі бас маманы Е. В. Карпованың қатысуымен ТБН-4 іске асыру қағидаттарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі бойынша семинар өткізілді

Семинар барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі бойынша түсініктемелер берілді, ішкі талдаудың негізгі бағыттары талқыланды. Соңында семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы семинар
Дата публикации
10 августа 2022