ШҚО ДСБ "Абай ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты, ШҚО ДСБ "Абай ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК-да Байқау кеңесінің мүшелерін жаңа құрамын жаңа мерзімге қайта конкурстық іріктеу ШҚО, Өскемен қаласы, Қазыбек Би көшесі,11, индекс 070000, телефон: 8/7232/71-06-61, 71-11-21 мекен жайы бойынша жүргізіледі.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімінің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:
1) денсаулықсақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) денсаулықсақтау саласында немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша басшы лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.
Байқау кеңесінің мүшесі ретінде келесі тұлғалар сайланбайды:
1) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;
2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешімқабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4)байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастағы адам.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1)конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3)өмірбаян (еркін нысанда);
4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа"депбелгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекен жайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) тиісті саланың уәкілетті органына ("ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы" ММ) шақыруда немесе мерзімді баспасөздегі ақпаратта көрсетілген мекен жай бойынша жіберілуі тиіс;
2) "Мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы" деген сөздерді қамтуға тиіс мерзімге дейін ашпаңыз (шақыруда көрсетілген конверттерді немесе мерзімді баспасөздегі ақпаратты ашу күні мен уақыты).
Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бір данадан жіберіледі.
Конкурстық комиссияның төрағасы ұсынылған конкурстық өтінімдері бар конверттің түпнұсқасын шақырулардағы немесе мерзімді баспасөздегі ақпаратқа сәйкес көрсетілген уақытта және орында ашады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні мерзімді баспасөз басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру берілген күннен бастап айқындалады.