Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Серебрянск қаласы, Мира көшесі, 33,
Тел. 8 (723372) 2-25-78, электрондық мекен-жайы: medob03@mail.ru.
ШҚО ДСБ "Алтай ауданы Серебрянск қаласының қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК қызметінің мәні медициналық қызметпен айналысуға лицензия негізінде медициналық қызметтер көрсету болып табылады.
Кәсіпорын басшысының функционалдық міндеттері:
* Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
* Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
* Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың әрекеттерін көрсетілетін медициналық қызметтерді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды.
* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
* Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
* Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
* Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитарлық ережелер мен нормалардың және гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.
* Медициналық этика, ұйым қызметіндегі заңдылық талаптарының, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде сақталуын қамтамасыз етеді.
* Қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады. Жеке және заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
* Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздіктің, еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: аудандық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін:
* "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттық курстан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе МВА executive немесе full time дәрежесі, Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
* медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттердің бар болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.
* Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы; қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; ұйымның қызметін басқарудың экономикалық әдістері және талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы; денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік практикалар; халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын Статистика, өлшемдер мен көрсеткіштер; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормалар; Төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс жариялаған кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
4) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі;
5) 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін құжаттарды қабылдау ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.
Конкурстың өтетін орны; ШҚО, Алтай ауданы, Серебрянск қаласы, Мира көшесі, 33,