Меню

Страницы

Статья

Тарих және мәдениет ескерткіштері

Шығыс Қазақстан облысында 328 тарих және мәдениет ескерткіші тіркелген, оның ішінде 9 республикалық маңызы бар, 319 жергілікті маңызы бар ескерткіштер.

Қазақстан Республикасының мәдениет саласының басты бағыттарының бірі - тарихи-мәдени мұраларды қорғау мәселесі болып табылады. Ескерткіштер - өзіндік мәдениет құндылықтары мен дәстүрлерді қорғау және молайту арқылы ұрпақ сабақтастығын байланыстырушы жол. Олар мәдениет мұрасының басты бөлігі және де маңызды қоғамдық функцияларды атқарады, сондай-ақ, ғылымның, білім берудің, мәдениеттің даму мақсаттарына қызмет етеді. Келешек ұрпаққа патриотизм, эстетикалық тәрбие сезімін қалыптастырады.

Облыстың тарихи-мәдени мұрасының сақталуын, қалпына келтірілуін, зерделенуін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында ШҚО мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ жұмыс істейді.

Мекеме қызметінің мақсаты: Шығыс Қазақстан облысының аумағында тарихи-мәдени мұра объектілерін жандандыруды, сақтауды, танымал етуді қамтамасыз ету болып табылады.

Мекеме қызметінің мәні:

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, тіркеуге алу, зерттеу және жай-күйіне мониторинг жүргізу;

2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

3) Шығыс Қазақстан облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстар мен ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи, сәулеттік-көркемдік бейнесінің сақталуын қамтамасыз ету.

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ байланыстары:

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 63.

Телефон: 8/7232/51-22-30, 51-23-80.

Е-майл: nasledie-vko@mail.ru

 

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
12 ноября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
05 марта 2026
Интернет-алаяқтар белсенділігін арттырды
Ақпарат
13 июня 2025
Ағымдағы жылдың 23 мамырында тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынов атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті
Ақпарат
12 июня 2025
«Тіл шебері – 2025» облыстық байқауы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
TikTok

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы