Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылдың 23 мамырында тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынов атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 23 мамырда ШҚ Лингвистикалық орталығында тілдерді оқыту орталығының оқытушылары үшін Ахмет Байтұрсынов атындағы «Үздік оқытушы» байқауы өтті.

Жалпы байқаудың мақсаты-вторлық бағдарламалармен, ересектерге қазақ тілін тиімді оқыту әдістемелерімен тілдерді оқыту орталықтарының оқытушыларын көтермелеу, қолдау және марапаттау. Конкурстың міндеттеріне келетін болсақ, қазақ тілін орта деңгейден (В2) жоғары меңгеру тәжірибесін анықтау, оқытушылар арасында тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау, қазақ тілін меңгерудің озық авторлық бағдарламаларын тарату, ересектерге мемлекеттік тілді оқытудың шығармашылық әлеуеті бар оқытушылардың бәсекелестік ортасын қалыптастыру, оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыра отырып, ересектерге қазақ тілін оқыту сапасын арттыру.
Байқауға өңір тілдерін оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: Бас жүлдені - Айгүл Еркінбекқызы Акимаева, Алтай ауданы, 1 орынды - Әйгерім Мұратбекқызы Бексатова, Глубокое ауданы, 2 орынды - Бақжан Елсінбекқызы, Ұлан ауданы, 3 орынды – Лаура Жомартқызы Кезенбаева, Самар ауданы жеңіп алды. Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Дата публикации
13 июня 2025
Дата обновления
17 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
05 марта 2026
Интернет-алаяқтар белсенділігін арттырды
Ақпарат
13 июня 2025
Ағымдағы жылдың 23 мамырында тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынов атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті
Ақпарат
12 июня 2025
Ағымдағы жылдың 20-23 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысында диагностикалық тестілеу өтті

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
TikTok

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы