20-23 мамыр аралығында Ұлттық тестілеу орталығы, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы мен Шығыс Қазақстан облыстық лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық тестілеу өтті.
Тестілеуге ҚР ҰҚК ШҚО бойынша департаменті, ШҚО Полиция департаменті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаменті, «Қазақстан темір жолы» АҚ, ҚР Ұлттық банкі, «Қазпошта» АҚ, «KEGOC» АҚ, ШҚО Дін істері басқармасы, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс істейтін 400 адам қатысты.
Диагностикалық тестілеу сөйлеу әрекетінің негізгі түрлері бойынша – тыңдалым (диалогтар және монологтарды есту арқылы түсінгенін анықтауға арналған тест тапсырмалары) және оқылым (әртүрлі мазмұнды, түрлі стильдегі мәтіндерді оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тест тапсырмалары) бағытында жүргізілді. Бұл ақпаратты қабылдау мен түсіну қабілетін барынша нақты бағалауға мүмкіндік береді. Тестілеу мемлекеттік қызметшілердің кәсіби міндеттерін тиімді атқаруы үшін аса маңызды саналады.