Меню

Страницы

Статья

«Абайдың Тоғжаны» сұлулық пен интеллект байқауы

Ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Абайдың Тоғжаны» атты облыстық байқауы өтті.

Жоғары сынып оқушылары (10-11 сыныптар), орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері арасынан 16 мен 25 жас аралығындағы қыз балалар қатысқан байқау төмендегідей кезеңдерден тұрды:

- «Әсемпаз болма әрнеге» атты таныстыру кезеңі (қатысушылардың сыртқы келбет, тұлғалық қасиеттері және өзіне деген сенімділігі бағаланды);  

- «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» шығармашылық кезеңі: (Абайдың ойлы өлеңдері мен қара сөздерінен үзінді оқылды, Абайдың әндері орындалды);

- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» сұрақ-жауап кезеңі: (қатысушыларға Абайдың шығармашылығы бойынша сұрақтар қойылды. Бұл кезеңде қатысушылардың интеллектуалды деңгейі, ой-өрісі және тапқырлығы анықталды).

- «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» дефиле немесе сән көрсету кезеңі: (қатысушылар ұлттық киімдермен дефиле жасады, өздерінің жүріс-тұрысын, сахна мәдениетін көрсетті).

Аталмыш байқауда «Үш қыздың анасы», «Қызыма хат» кітаптарының авторы, «НҰР САНА» білім беру орталығының және «Ханшайымдар академиясының» құрушысы, «Қазақ аналары - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалының төрайымы Темірханова Нұрия Сейітбекқызы; ҚР «Мәдениет саласының үздігі», әнші, актриса Лақаева Шолпан Кеңесханқызы және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушысы  Байғабылова Мархабат Арманқызы өздерінің әділ бағаларын беріп төрелік етті.

Қазылар алқасы сараптай келе қатысушыларға төмендегідей баға берді:

«Көрермен көзайымы» номинациясы - Бағыдашай Мерей, «Герасимовка орта мектебінің» КММ педагог-ұйыстастырушысы; 

«Тапқыр қыз» номинациясы - Жәнібекова Жанель, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебінің» 11 сынып оқушысы; 

«Көрікті қыз» номинациясы - Шемпаева Рината, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№42 орта мектебінің 11 сынып оқушысы; 

«Дарынды қыз» номинациясы - Абылмажинова Аяулым, Абай атындағы Шығыс қазақстан гуманитарлық колледжінің 1 курс студенті

 

3 орын - Нұрланқызы Шұғыла, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 4 курс студенті;

2 орын - Ақиқатқызы Іңкәр, Ахмер орта мектебінің 11 сынып оқушысы  алды;

1 орын - Кульчарова Зарина, «Қалжыр орта мектебінің» 10 сынып оқушысы;

Бас жүлде - Серік Іңкәр, Қазақстан Американдық Еркін университетінің 3 курс студенті

 Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және қаламыздағы сұлулық салондарының қызметі ұсынылған сертификаттармен марапатталды.

 «Абайдың Тоғжаны» байқауы арқылы біз Абайдың мұрасын бағалап, жастарымызды ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға ықпал жасадық деп ойлаймыз.

Дата публикации
17 апреля 2025
Дата обновления
17 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
05 марта 2026
Интернет-алаяқтар белсенділігін арттырды
Ақпарат
13 июня 2025
Ағымдағы жылдың 23 мамырында тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынов атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті
Ақпарат
12 июня 2025
Ағымдағы жылдың 20-23 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысында диагностикалық тестілеу өтті

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
TikTok

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы