Меню

Страницы

Статья

«Абай және оның ортасы» республикалық онлайн форсайт-форумы

14 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Zoom платформасында «Абай және оның ортасы онлайн форсайт-форумы өтті.

Форум 2024 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер аясында, ұлы қазақ ақыны, ойшыл, аудармашы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен қызметіне байланысты атаулы күндерді қамтыды: 

– Абайдың әкесі, қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Құнанбай Өскенбайұлына (1804-1886) 220 жыл;

– Абайдың інісі, әскери қайраткер, ақын, аудармашы Халиолла Өскенбаевқа (1849-1870) 175 жыл;

– ақын, ағартушы, Абайдың шәкірті, Алаш қозғалысының жанашыры Көкбай Жанатайұлына (1864-1925) 160 жыл;

– Халық ақыны, Абайдың шәкірті Төлеу Көбдіковке (1874-1954) 150 жыл;

– Абай Құнанбайұлының қайтыс болғанына 120 жыл (1845-1904);

– Санкт-Петербургте И.Бораганский баспасынан немере інісі Кәкітай Ысқақұлы мен ұлы Тұрағұлдың қолынан шыққан Абайдың тұңғыш кітабына 115 жыл (1909).

Онлайн форсайт-форумға белгілі қазақстандық абайтанушылар, ғалымдар,  оқытушылар, сонымен қатар Абай шығармашылығын зерттеп жүрген мамандар қатысты.

Форум модераторы А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының қызметкері Гүлбаршын Абылгазинова. Форсайт-форум спикерлері: абайтанушы, ғалым, зерттеуші, философия ғылымының кандидаты Асан Омаров; Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының» ғылыми қызметкері Қуат Қиықбай; ақын, абайтанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алмахан Мұқаметқалиқызы; абайтанушы, Көкбай Жанатайұлының тұңғыш шығармалар жинағын шығарушы, «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент  Жандос Әубәкір. Форсайт-форумда қатысушылар Абай Құнанбайұлының отбасы, замандастары, шәкірттері және ақын өмір сүрген тарихи кезең жайлы сөз қозғады.

Форумға әдебиетіміздің данышпанының жеке тұлғасына, оның шығармашылық мұрасының жан-жақтылығына қызығушылық танытқан студенттер, оқытушылар,  мұғалімдер, кітапханашылар қатысты.

Дата публикации
17 апреля 2025
Дата обновления
17 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
05 марта 2026
Интернет-алаяқтар белсенділігін арттырды
Ақпарат
13 июня 2025
Ағымдағы жылдың 23 мамырында тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынов атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті
Ақпарат
12 июня 2025
Ағымдағы жылдың 20-23 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысында диагностикалық тестілеу өтті

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
TikTok

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы