Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің 2025 жыл бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Облыста тілдерді оқытудың 9 орталығы жұмыс істейді. Орталықтардағы сабақтар аудиовизуалды көрнекі құралдарды, әртүрлі веб-қосымшаларды, онлайн-тақталарды және аудиовизуалды оқыту құрылғыларын пайдалана отырып жүргізіледі.

Облыс әкімінің тапсырмасымен облыс аумағында 2024-2025 жылдар аралығында тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтар үшін мемлекеттік тілді оқуға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында Өскемен қаласында, Шемонаиха, Глубокое, Ұлан, Үлкен Нарын, Алтай, Самар аудандарының ауылдық елді мекендерінде қосымша 100 орталықтар (кабинет) ашылып, 2000 –нан астам тыңдаушылар қамтылды.

Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің 2025 жыл бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
30 марта 2026