Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Сақтағанов бекіткен облыстық басқармалар мен қалалар мен аудандар әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» тарапынан ММ Басқарманың 2023 жылғы жұмыс кезеңі барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Басқарма басшысының 03.05.2024 жылғы № 32 - ҰК бұйрығымен бекітілген жұмыс тобы талдау жұмыстарын 2024 жылдың 13 мамыры мен 13 маусымы аралығында келесі бағыттар бойынша жүргізеді: