Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының 2022 жылы атқарылған мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
2022 жыл көлемінде «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» қызмет түрінен 6 (5 өтініш жеке тұлғадан, 1 өтініш заңды тұлғадан) қызмет көрсетілді:
- Шығыс Қазақстан облысының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 2 хаттамасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Ибраев көшесі 157 тұрғын үйдің қасбетіне Семей қаласының құрметті азаматы, ҰОС қатысушысы, полковник, Кеңес Аримиясы әуе-десант әскерінің ардагері Ахмеров ГабдулгазизГайнутдиновичке мемориалды тақталарын орнатуға рұқсат берілді;
- Шығыс Қазақстан облысының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 2 хаттамасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Физкультурная көшесі 9/2 мекенжайы бойынша орналасқан көп қабатты тұрғын үйге Өмірханов Әлихан Бахшанұлына мемориалды тақтасын орнатуға рұқсат берілді;
- Шығыс Қазақстан облысының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 3 хаттамасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Бестерек ауылы, Мира көшесі 40Б орналасқан мектеп қабырғасына Жағалбаев Жандос Мұхтарұлына мемориалды тақталарын орнатуға рұқсат берілді;
- Шығыс Қазақстан облысының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 4 хаттамасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 19, КМҚК «БММ №1» Семей қаласының білім бөлімі ББ ШҚО қасбетіне Семей қаласының құрметті азаматы Оразбаев Шымболат Күнпейісұлына мемориалды тақталарын орнатуға рұқсат берілді;
- Шығыс Қазақстан облысының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 4 хаттамасына сәйкес Өскемен қаласы, Қазыбек би көшесі, 14, тұрғын үйдің қасбетіне Өскемен қаласының Құрметті азаматы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Игібаев Советқан Қабдуәліұлына мемориалды тақталарын орнатуға рұқсат берілді;
- Шығыс Қазақстан облысының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 4 хаттамасына сәйкес Үржар ауданы, Үржар ауылы, Семушкина көшесі, 3/1, тұрғын үйдің қасбетіне белсенді қайраткер Селиханов Бейсенғазы Мағзұмұлына мемориалды тақталарын орнатуға рұқсат берілді.
2022 жыл көлемінде «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» қызмет түрінен 2 (өтініштер заңды тұлғадан) қызмет көрсетілді:
Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында көрме ұйымдастыруға Абай Құнанбайұлы мұрасын насихаттау күндері аясында «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарих-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК-нан музей заттарын Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік берілді (24.12.2022 ж. № KZ11VGM00275075).
2022 жыл көлемінде «Көркемөнерпаздар үйірмелеріне «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдер қабылдау» қызмет түрінен 11 (өтініштер жеке тұлғадан) қызмет көрсетілді:
Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағына ұсынылған ұжымдардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 хаттамасына сәйкес, «Халықтық» атағына:
- «Асыл мұра» вокалдық ансамблінен, Глубокое ауданы, Глубокое кенті,
жетекшісі: Г. Дәрменқұлова;
- «Асыл қазына» фольклорлық ансамблінен, Самар ауданы, Самар ауылдық округы, жетекшісі: К.Нұрпейісова;
- «Ақжар» вокалдық аспаптарансамблінен, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, жетекшісі: Т. Ажахметов;
- «Воля» казак ансамблінен, Алтай ауданы, Алтай қаласы, жетекшісі: И.Шапорева;
Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағына ұсынылған ұжымдардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 хаттамасына сәйкес, «Үлгілі» атағына:
- «Айзада», балалар би ұжымынан, Глубокое ауданы, Глубокое кенті,
жетекшісі: Г. Дәрменқұлова;
- «Әдемі-ай» би ансамблінен, Күршім ауданы, Күршім ауылы, жетекшісі: М.Әбіш;
- «Юность» би ұжымынан, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, жетекшісі: К.Прохорова;
- «Ақтолқын» би ұжымынан, Өскемен қаласы, жетекшісі: Н.Марубекова;
- «Арабеск» би ұжымынан, Өскемен қаласы, жетекшісі: А. Татаренко;
- «Еркетай» би ұжымынан, Өскемен қаласы, жетекшісі: О.Живодяева;
- «Поэзия» жастардың көркемөнерпаздар театрынан, Зайсан қаласы, жетекшісі: А. Сүлейменова.
Жоғарыда көрсетілген ұжымдардың құжаттары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 28.03.2007 жылғы № 93 бұйрығымен бекітілген көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық»/ «Үлгілі» атағын беру Тәртібінің 4 тармағына сәйкестігі расталды.