«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» және Шығыс Қазақстан облысының облыстық басқармалары мен қалалар және аудандар әкімдіктерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне (Шығыс Қазақстан облысы аппаратының басшысы Е. Текешев бекіткен) сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының «Мәдениет басқармасы» ММ 2025 жылғы қызмет кезеңі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.