Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру туралы
жалпы ақпарат
2020 жылдың соңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Әрбір жеке балаға шығындарды төлеуді көздейтін қаржыландырудың жаңа әдісі 2021 жылдың 1 мамырынан бастап енгізіледі. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру бағытын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) төмендегілер туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты қаржыландыруды іске асыру тәртібі мен кезеңдерін регламенттейтін және реттейтін бірқатар заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді (ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы) қабылдады, атап айтқанда: «Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» (27.04.2021 жылғы № 113 бұйрықпен мына сілтеме бойынша: https://adilet.zan.kz/rus/docs/ V2100022634) танысуға болады; «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» (28.04.2021 жылғы № 122 бұйрықпен мына сілтеме бойынша: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022644) танысуға болады; «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» (28.04.2021 жылғы № 123 бұйрықпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/ V2100022643 сілтеме бойынша танысуға болады); «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (27.04.2021 жылғы № 111 бұйрықпен мына сілтеме бойынша: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022628) танысуға болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін қабылданған барлық бұйрықтар 2021 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді. Цифрлық платформада жобаны іске асыру жүзеге асырылатын ақпараттық портал – EDU.KZ болып табылады. микроучаскелер бойынша қызмет көрсетушілерді, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарын (немесе олардың ресми өкілдерін) тіркеу үшін шығармашылық үйірмелерге баруға ваучер (бірегей нөмір) алу үшін мына сілтеме бойынша өту қажет: https://artsport.edu.kz/ru.
Балалар мен жасөспірімдерді кезекке қосу электрондық форматта жүзеге асырылатын болады, кезекке жылжыту бойынша қандай да бір басымдықтар нормативтік-құқықтық актілерде көзделмеген. Ваучерді нөмірлеу және алу автоматты режимде порталмен секундқа дейінгі дәлдікпен (өтініш беру/тіркеу уақыты) жүзеге асырылады. Кезек үйірменің әр түріне бөлек қалыптасады. Баланың заңды өкілі өтініш бере алады, тек нақты шығармашылық үйірмені көрсету керек. Егер бала білім беру, спорттық және шығармашылық тапсырыстар шеңберінде екіден астам шығармашылық үйірмеге немесе спорт секциясына барып жүрген болса, онда оның ата-анасына басқа үйірмеге немесе секцияға бару үшін өтінішті тіркеуден бас тартылатын болады. Тапсырыс 4 жастан 17 жасқа дейінгі барлық балаларға, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға да қолданылады. 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы үйірмелерге тегін барудың болжамды қамтылуы 1 000-нан астам адамды құрайды, бұл сан кейіннен артады.
Мемлекеттік спорттық тапсырысқа қатысатын кәсіпкерлер үшін операторға тіркеу және өтінім беру жөніндегі нұсқаулық - artsport.edu.kz электрондық порталында. Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша ОПЕРАТОР - «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ата-аналарға арналған сауалнама
Жеке кәсіпкерлерге арналған сауалнама