2026 жылдың 17 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында орналасқан «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК Республика күніне орай «Ұшқыр ой алаңы» мен «Заң және Тәртіп» жобалары, «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында өткізілетін «Адал азамат - мемлекет болашағы» атты пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирге мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Қазылар алқасы студенттердің жоғары дайындық деңгейін, өз ойын еркін жеткізе алу қабілетін және өзекті мәселелерге бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымын ерекше атап өтті.
Пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша:
1 орын - «Жеңіс үшін» фракциясы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжі: Жарқын Айдос, Оралбеков Дәулет.
2 орын - «Франческо Бернулли» фракциясы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы мектебі: Уатхан Ерұлан, Әділбек Нұрбақыт.
3 орын - «КАСУ үшін» фракциясы, ҚАЕУ Жоғары колледжі: Дәуренұлы Диас, Атымтай София.
Турнирдің «Үздік спикері» атағына Уатхан Ерұлан (НЗМ) ие болды.
Аталған пікірсайыс турнирі жастардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік және отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын нығайтып, құқықтық мәдениетін арттыруға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026–2027 жылдарға арналған Медиа-жоспарын іске асыру мақсатында облысымыздың білім беру ұйымдарында Еңбек апталығы аяқталды. Апталық аясында оқушылар түрлі мамандықтар, олардың қоғамдағы маңызы, қазіргі еңбек нарығының талаптарымен танысты. Еңбек адамдарына құрметпен қарауға, жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге және саналы кәсіби таңдау қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Мектептерде сынып сағаттары, жұмыс орындарына экскурсиялар, сенбіліктер, жәрмеңкелер, байқаулар, түрлі мамандық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Жұмысшы мамандықтар өкілдерінің кәсіби шеберлігі мен еңбегінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Еңбек апталығы аясында өткізілген іс-шаралар білім алушылардың еңбек адамдарына құрметпен қарауын, әрбір мамандықтың қоғамдағы маңызын түсінуін және кәсіби болашағына саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44-бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған мектептерінде Қамқоршылық кеңестері құрылды.
Қамқоршылық кеңестерінің құрамы:
«Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ:
«Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей–интернаты» КММ:
«Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ:
«Облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейі» КММ:
«Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ:
«Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ:
ШҚО ББ «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылы 14 қазан күні аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеті меңгерушілері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына «Үлгілік оқу жоспары және жұмыс оқу жоспары - оқу процесін тиімді ұйымдастырудың негізі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - үлгілік оқу жоспары мен жұмыс оқу жоспарын нормативті талаптарға сәйкес ұйымдастыру, оқу процесін тиімді жоспарлау және білім сапасын арттыруға бағытталған тәжірибелермен бөлісу.
Семинарда 2026-2027 оқу жылындағы үлгілік оқу жоспары және жұмыс оқу жоспарының орындалуына талдау: жұмыс оқу жоспарын тиімді құрастыру, оқушылардың сұранысына негізделген таңдау курстарын ұйымдастыру және вариативті сағаттарды тиімді игеру, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған чек листпен жұмыс жасау жолдары қарастырылды.
Кері байланыс жасалып, қатысушылар сұрақтарына жауап алды.
Семинарға 100 маман қатысты.
Шығыс Қазақстан облысында А гепатитінің алдын алуға арналған денсаулық сабақтары өтті. Іс-шараны ШҚО білім басқармасының «Örken» ақпараттандыру және білімді дамыту облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырды. Сабақтар облыс оқушыларына арналып, қазақ және орыс тілдерінде сұхбат форматында өткізілді. Бұл әртүрлі жастағы мектеп оқушыларын кең ауқымда қамтуға мүмкіндік берді. Спикер ретінде «Шығыс» профилактикалық медицина орталығы» медициналық мекемесінің қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері Батырханова Әйгерім Арманқызы сөз сөйледі.
«Тоқта, А гепатиті! Біл және өзіңді қорға» тақырыбы оқушылардың қызығушылығын тудырды. Сұхбат барысында дәрігер А гепатиті – бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру екенін, ол көбіне ластанған қол, су және тағам арқылы берілетінін егжей-тегжейлі түсіндірді. Аурудың белгілері ретінде әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, кейде тері мен көздің сарғаюы аталды.
Негізгі назар профилактикаға аударылды. Спикер ең қарапайым әрі тиімді ереже – қолды сабынмен және ағынды сумен жуу екенін атап өтті. Әсіресе дәретханадан кейін, тамақ алдында, тағам дайындау және қабылдау алдында қол жуу аса маңызды. Қол жуу мүмкіндігі болмаған жағдайда антисептиктерді қолдануға болады. Тек қауіпсіз су ішу керек, ал судың сапасына күмәндансаңыз, оны қайнатып, суытып ішкен жөн. Жеміс-көкөністерді мұқият жуу қажет, кейбір жемістерді, мысалы қытай алмаларын, қайнаған сумен шайып алу ұсынылады.
Дәрігер вакцинация туралы сұрақтарға да жауап берді. Ол А гепатитіне қарсы екпе профилактика әдістерінің бірі екенін растады. Алайда баланы егу туралы шешім ата-анамен және медицина маманымен бірлесіп, ұлттық егу күнтізбесін ескере отырып қабылданады. Егу сәтінде бала мүлдем сау болуы керек.
Сондай-ақ спикер В және С гепатиттері туралы айтты. Олар парентеральді жолмен, яғни қан арқылы жұғады. Маникюр, тату салондарына, стоматологиялық клиникаларға барғанда құралдардың стерильденуіне мән беру қажет. Сондықтан сенімді шебер мен клиниканы таңдаған дұрыс.
Қорытындылай келе, дәрігер А гепатитінің белгілері пайда болса, өз бетінше емделуге болмайтынын, дереу дәрігерге қаралу керектігін ескертті. Ем неғұрлым ерте басталса, асқыну қаупі соғұрлым аз болады. Оқушылар өз сұрақтарына толық жауап алып, спикерге алғыс айтты. Мұндай сабақтардың екі тілде өткізілуі жас ұрпақтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және медициналық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде азаматтық қорғаудың бірыңғай «Баршаның назарына!» сигналына арналған сабақтар сериясы өтті. Ұйымдастырушы — ШҚО білім басқармасының «Örken» ақпараттандыру және білімді дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ. Сабақтар облыс оқушыларына арналған сұхбат форматында қазақ және орыс тілдерінде өткізілді, мазмұны шамамен бірдей болды.
Сабақтардың қонағы — ШҚО ТЖД азаматтық қорғау басқармасының офицері Қалиолданов Әлишер Ерланұлы. Ол оқушылардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді: «Баршаның назарына!» сигналы нені білдіреді, ол қандай жағдайларда беріледі, оны қалай тануға болады және алғашқы минуттарда не істеу керек.
Спикер сигналдың сиреналар, электрсиреналар, сирена-сөйлеу құрылғылары, сондай-ақ теледидар, радио, мобильді қосымшалар және SMS арқылы берілетінін атап өтті. Оны естігенде дүрбелеңге түсуге болмайды — хабарламаны соңына дейін тыңдап, нұсқаулыққа сәйкес әрекет ету қажет. «Ең бастысы — дүрбелеңге түспеу. Сабырлық пен хабарламаға мұқият болу өмірді сақтайды», — деп атап өтті Әлишер Ерланұлы.
Оқушылар сигнал сабақ кезінде, үзілісте, көшеде немесе үйде берілсе, өздерін қалай ұстау керектігін білді. Оларға тексерілмеген ақпаратты таратуға болмайтыны, ал ресми деректерді 112 нөмірі, «Darmen ЧС — Kazakhstan ДЧС» қосымшасы және басқа да ресми дереккөздер арқылы алуға болатыны еске салынды.
Облыс оқушыларының материалды жақсы меңгеруі үшін «Örken» ақпараттандыру және білімді дамыту орталығы карточкалардан тұратын интерактивті жадынама әзірледі: кез келген карточканы басу арқылы оқушы қысқаша нұсқаулықты оқи алады.
Мұндай сабақтар жас ұрпақтың бойында қауіпсіздік мәдениетін және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Өйткені қарапайым ережелерді білу өмір мен денсаулықты сақтап қалуы мүмкін.
2026 жылғы 30 мамырда Зайсан қаласындағы «Сауыр жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың және Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байелдің тікелей қолдауымен әрі қатысуымен қазақ-әзербайжан достығы оқу кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.
Жоба білім беру және мәдениет салаларындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға, дарынды оқушыларды қолдауға және өскелең ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған. Жобаның инвесторы — «Buta Group» компаниясы. Кабинет заманауи құрал-жабдықтармен, жиһаздармен және интерактивті білім беру материалдарымен жабдықталды.
Бастаманың басты мақсаты — екі мемлекеттің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға арналған мемлекетаралық гранттық орындар бөлу. Осы қолдаудың арқасында биыл мектептің 3 түлегі — Есен Айзере («Психология», Baku State University), Қайырғазы Айзере («Халықаралық қатынастар», Baku State University) және Сұңғат Салих («Стоматология», Azerbaijan Medical University) Әзербайжанның абыройлы ЖОО-ларына оқуға түсіп, білім алуға аттанды. Енді мұндай гранттар шеңберінде түлектерді Әзербайжан Республикасына оқуға бағыттау жыл сайын дәстүрлі түрде жүзеге асырылып отырады.
Біздің студенттер Бакуда! Елші мырзаға қолдауы үшін алғыс айтамыз!
8 қазанда Өскемен жоғары политехникалық колледжінде «JANA BOLASHAQ – өз болашағыңды жаса» атты жастарға арналған білім беру марафоны өтті.
Іс-шараны Қоғамды дамыту ақпараттық қолдау қоры Шығыс Қазақстан облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл А.А. Каленовамен бірлесіп, Өскемен қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаны іске асыру шеңберінде ұйымдастырды.
Марафон жастардың кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауына ықпал етуге, практикалық дағдыларын дамытуға, құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, кәсіпкерлік және көшбасшылық құзыреттерін қалыптастыруға, сондай-ақ жастардың білім алу және кәсіби даму бағытын саналы түрде таңдауына бағытталды.
Марафон бағдарламасы интерактивті форматта ұйымдастырылып, қатысушылардың тақырыптық білім беру алаңдарында жұмыс істеуін, практикалық тапсырмаларды орындауын, шақырылған мамандармен және түрлі кәсіби салалардың өкілдерімен пікір алмасуын қамтыды.
Іс-шара барысында кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықты саналы түрде таңдау және одан әрі білім алу бағытын айқындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Марафонға қала колледждерінің 150 студенті қатысты.
«JANA BOLASHAQ – өз болашағыңды жаса» марафоны жастар үшін белсенді диалог құруға, тәжірибе алмасуға және өздерінің кәсіби болашағына сенімді көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
2026 жылғы 8 қазанда Өскемен қаласында «Тең мүмкіндіктер» кезекті балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті. Іс-шара «Әділет» партиясының Әйелдер қанатының бастамасымен білім беру, дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ мәдениет басқармаларымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Фестиваль инклюзияның, достық пен бірліктің жарқын үлгісіне айналып, әлеуметтік белсенділіктің, өзара түсіністік пен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың құрдастарының бірлескен қарым-қатынасының маңыздылығын көрсетті.
Фестивальдің негізгі мақсаты - балалар арасында достық, өзара түсіністік пен қолдау атмосферасын қалыптастыру. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың құрдастары бірге араласып, спортпен шұғылданып, өз қабілеттерін танытып, жаңа достар таба алады.
Биыл фестивальге облыстың қалалары мен аудандарынан 3-4 және 7-8 сынып оқушыларының 17 командасы қатысты. Жас спортшылар үш спорт алаңында - «Бочча», «Көңілді старттар» және «Жеңіл атлетика» бағыттары бойынша өздерінің күшін, ептілігін, жылдамдығын және командалық рухын көрсетті.
Фестиваль аясында бочча жарыстары ерекше қызығушылық тудырды. Бочча - Қазақстанда енді ғана қарқынды дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі. Соған қарамастан, ол балалар арасында үлкен танымалдыққа ие болып келеді. Бұл спорт түрі қатысушыларға дәлдік, зейін қою және командамен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Өскемен қаласының командалары арасында бочча бойынша:
Өскемен қаласының командалары арасында өткен бокча жарысында бірінші орынды «Искра» командасы, екінші орынды «Луч» командасы, ал үшінші орынды «Атлетико» командасы иеленді.
Кіші санат қатысушылары арасындағы эстафета қорытындысы бойынша:
I орын - Ұлан ауданының «Ракета» командасы
II орын- Марқакөл ауданының «Ақ сұңқарлар» командасы
III орын - Шемонаиха ауданының «Шемонаиха 2» командасы
Жеңіл атлетикадан үлкендердің арасында:
I орын - Глубокое ауданының «Глубоковское» командасы
II орын - Күршім ауданының «Мұрагер» командасы
III орын- Күршім ауданының «Бірлік» командасы
Фестиваль соңында жеңімпаздар спорттық жетістіктері үшін дипломдармен, кубоктармен және арнайы медальдармен, сондай-ақ ақшалай сертификаттармен салтанатты түрде марапатталды, ал қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
2026 жылғы 7 қазанда «Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК-да «Қоғамның әлеуметтік және отбасылық негіздерін нығайтуға және әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған кешенді гендерлік саясатты іске асыру» жобасы аясында табысты әйелдермен кездесу өтті. Іс-шара Өңірлік коммуникациялар қызметінің спикерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Тренерлер ретінде психология ғылымдарының докторлары Алина Куралай Жумкеновна және Фесенко Наталья Федоровна жұмыс жүргізді.
Кездесу барысында қатысушылар әйелдер көшбасшылығы, тұлғалық және кәсіби даму, табысты мансап құру, кәсіби қызмет пен отбасылық міндеттерді үйлестіру мәселелерін талқылады. Әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін, өзіне деген сенімділігін дамытуға, жеке әлеуетін ашуға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ерекше назар аударылды.
Спикерлер практикалық кеңестерімен және жеке тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ коммуникативтік және көшбасшылық дағдыларды дамытуға бағытталған интерактивті жаттығулар өткізілді.
Іс-шараға қала колледждерінің 90 студенті қатысты.