«Бір шаңырақ астында» студенттер фестивалі

«Бір шаңырақ астында» студенттер фестивалі

2025 жылдың 29 сәуірінде Серебрянск  қаласында «Серебрянск технология колледжі» КММ базасында ТжКБ студенттеріне арналған «Бір шаңырақ астында» фестивалі өтті.

Аталған іс - шараны Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және «Серебрянск технология колледжі» КММ өткізді. Фестивальге 210 адам қатысты.

ШҚО білім басқармасының техникалық және кәсіптік бөлімінің бас маманы Г.Б. Ильясова құттықтау сөз сөйледі.

Халықтар достығы фестивалінде колледждердің талантты студенттері 21 этностың ән-биімен көрермендер мен қонақтарға өз шығармашылықтарын тарту етті. Фестиваль түрлі халықтардың ұлттық бояуын, өнерін, шығармашылығын білуге ​​мүмкіндік берді.