
2025 жылғы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім бөлімдері әдіскерлері мен мектепке дейінгі ұйым басшыларының онлайн жұмыс отырысын өткізді.
Отырысты «ÖRKEN» өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру әдістемелік бөлімінің әдіскері Қырықбаева Айгүл Кадылбековна балабақшадағы түрлі іс-шаралардың, ұйымдастырылған іс-әрекеттердің әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылуы туралы кеңінен түсініктеме жұмысын жүргізді. Әрбір іс-шараны жоспарлағанда Қазақстан Республикасындағы Мектепке дейінгі тәрбие бойынша нормативті құжаттарға сүйеніп, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының Мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында мерекелерді атап өту бойынша әдістемелік ұсынымдарын басшылыққа алу керектігіне баса назар аударды.
Отырысқа облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының 350 педагогтері қатысты.