
Облыс педагогтеріне арналған «ŞYĞYS ÖRKENІ» облыстық ІТ-хакатоны
Мақсаттары: педагогтердің командалық жұмыс, сыни ойлау және креативтілік дағдыларын дамыту, әзірленген өнімді оқу үдерісіне енгізу, білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында пән мұғалімдерінің IT-құзыреттерін жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер: мұғалімдер өзгерістердің жай ғана бақылаушысы емес, белсенді қатысушысы болатын заманауи білім беру ортасын қалыптастыру; жаңашыл педагогтерді анықтау, тәжірибе, идеялармен алмасып, цифрлық жобаларды іске асыруда бір-біріне қолдау көрсете алатын пікірлес мамандар желісін құру.
Педагогтерге арналған хакатон ақпараттық технологиялар саласында жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеуге бағытталған перспективалы идеяларды дамытуға жол ашады.
Қатысушылар санаты – облыс педагогтері.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 10 сәуірге дейін.
Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 24-25 сәуір, сағат 9:00.
Өткізілетін орны: ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ.