«Жалпы білім беру мекемелерінде, арнайы мектеп-интернаттарда және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған түзету кабинеттерінде оқу процесін ұйымдастыру» облыстық онлайн-семинары

«Жалпы білім беру мекемелерінде, арнайы мектеп-интернаттарда және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған түзету кабинеттерінде оқу процесін ұйымдастыру» облыстық онлайн-семинары

2020 жылдың 8 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы орта білім беру ұйымдарына, арнайы мектеп-интернатындағы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына және ШҚО ББ психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің мамандарына арналған онлайн-семинар өткізді, шараға 75-тен астам педагог қатысты.

Іс-шараның мақсаты – арнайы мектеп-интернаттары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне (ППТК) қашықтықтан оқыту жағдайында нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру және түсіндіру, психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету.

Онлайн-семинар аясында Өскемен қаласы әкімдігінің «№19 қосымша білім беру мектебі» КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Бисерева Елена Яковлевна; директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Раченко Ольга Ивановна; Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ директордың инклюзивті білім беру жөніндегі орынбасары - Куатова Анар Ратаевна; ШҚО ББ «№6 арнайы мектеп-интернаты» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары -  Карипжанова Шынар Жумагазиевна; ШҚО ББ «Шығыс Қазақстан облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары - Айтимова Бакытгуль Замашевна; ШҚО ББ «Семей қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ әлеуметтік педагогы - Татерова Айнур Баяхметовна тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған шарада қашықтықтан оқытуды үйлестіру және ұйымдастыру, әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу процесін ұйымдастыру туралы ақпарат ұсынылды.