«Болашақ мамандары» жол картасын іске асыру аясында, жаңа кәсіптер Атласын жасау бойынша түсіндіру мақсатында, 2025 жылғы 27 наурызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Глубокое және Ұлан аудандарының білім бөлімдерімен бірлесіп, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін семинар өткізді.
Семинарда 1-4 сынып, 5-7 сынып, 8-9 сынып және 10-11 сынып оқушылары үшін аудандардың жаңа кәсіптерінің атласын құру мәселелері талқыланды. Математика, физика, информатика, химия, биология, география, еңбекке баулу пәндерін интеграциялау, оқушыларды жаңа кәсіптер бойынша жобаларға дайындау арқылы STEM және STEAM оқытуды практикада тарта отырып, элективті курстар құру түсіндірілді және ұсынымға берілді.
Семинарға қатысушылар оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес дараландыруға мүмкіндік беретін бейіндік оқытудың оқу процесін ұйымдастырумен, оқу іс-әрекетінің әртүрлі тәсілдерін ескере отырып, оқу материалымен, оқушылардың бейіндемесімен танысты.
Кері байланыс кезінде қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, өз тәжірибелерінде одан әрі пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алды.