Қайғырып көңіл білдіреміз

Қайғырып көңіл білдіреміз

2025 жылғы 23 наурызда Шаухина Динара Тоқсанбайқызы, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары, өмірден өтті деген қайғылы хабарды үлкен күйзеліспен қабылдадық.

Динара Тоқсанбайқызы 1979 жылы 5 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен-Нарын ауданы, Үлкен-Нарын ауылында дүниеге келген. Ол екі жоғары білім алған: С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша және Қазақстан-Американдық Еркін университетінде «Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша біліктілік алған. Сонымен қатар, қаржы бакалавры дәрежесіне ие болған.

Еңбек жолын 1999 жылы Зырян қаласындағы №11 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесінде мемлекеттік қызметке кірісіп, жетекші маманнан бастап басқарма бөлімінің басшысына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды.

2020 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. Динара Тоқсанбайқызы білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосты. Оның тікелей қатысуымен облыстың әртүрлі аудан, қалаларында, соның ішінде Өскемен, Семей және Риддер қалаларында жаңа мамандандырылған білім беру ұйымдары, түзету кабинеттері, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары құрылды. Сондай-ақ, білім беру саласындағы көптеген жобаларды жүзеге асыру бастамашыларының бірі болып, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарымен тығыз жұмыс істеді.

Мемлекеттік қызметкер ретінде Динара Тоқсанбайқызы терең білімі мен мол тәжірибесінің арқасында білім сапасын жақсартуға бағытталған көптеген мәселелерді тиімді шешті. Оны жоғары кәсібилік, еңбекқорлық, жауапкершілік, адами жанашырлық, шынайылық пен мейірімділік сияқты қасиеттері ерекшелендірді. Әріптестерінің көзінде ол үлкен жүректі, әрқашан қолдау білдіруге және көмекке келуге дайын жан ретінде қалды.

Білім басқармасының ұжымы және Динара Тоқсанбайқызын білетін барлық жандар жоғары деңгейдегі кәсіби маман ғана емес, сондай-ақ тамаша адамды жоғалтты. Біз оның мезгілсіз өмірден өтуіне қатты қайғырып, орны толмас қазасына ортақтасамыз.

Марқұмның туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Оның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Топырағы торқа, жаны жәннатта болсын!