
2025 жылғы 14 наурызда Өскемен қаласындағы Оқушылар шығармашылық сарайы базасында республикалық ғылыми-шығармашылық «Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқушылар арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту.
Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен жалпы саны - 31 оқушы қатысты.
Мақатаев оқулары 3 номинация бойынша өткізілді:
Байқау қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлдегер атанды:
Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Байқау жеңімпаздарының тізімі shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.
Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!