
2025 жылғы 14 наурызда Оқушылар шығармашылық сарайы базасында республикалық ғылыми-шығармашылық «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен жалпы саны 30 оқушы қатысты.
Мағжан оқулары 3 номинация бойынша өткізілді:
- «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан Жұмабаев шығармаларын жатқа оқу байқауы;
- «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» – ғылыми жоба жұмысы байқауы;
- «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас дарынды ақындар байқауы.
Байқау қорытындысы бойынша 15 оқушы жүлдегер атанды:
Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Байқау жеңімпаздарының тізімі shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.
Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!