
2025 жылғы 14 наурызда Өскемен қаласында №35 орта мектебі базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен жалпы саны 40-қа жуық оқушы қатысты.
Байқау 5 бағыт бойынша өткізілді:
I бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»;
II бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы»;
ІІІ бағыт – «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»;
IV бағыт – «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар»;
V бағыт – «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар»
Конкурс қорытындысы бойынша 24 оқушы жүлдегер атанды: І орын – 5; ІІ орын – 8; ІІІ орын – 11.
Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Байқау жеңімпаздарының тізімі shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.
Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!