Қауіпсіз білім беру ортасын құру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қазіргі уақытта ерекше өзекті болып табылады. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары, жолдардағы жарақаттану, көшедегі, оның ішінде оқу орындарына жақын жердегі қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер ерекше қауіп тудырады.
Бүгін, 2020 жылдың 4 қыркүйегінде «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы аясында Өскемен қаласының № 15 орта мектебінде КММ қауіпсіздік сабағы өтті, онда бастауыш кезекші сынып оқушыларына көшеде, жолда, мектепте қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы жадынамалар таратылды.
Қауіпсіздік сабағына ШҚО білім басқармасының өкілдері, ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы және акция демеушісі – «Казцинк» компаниясы қатысты. ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Оралғазықызы Байжанова, полиция полковнигі, ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ларионов Андрей Владимирович және Лазарев Андрей Павлович – «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры балалармен әңгіме жүргізді.
Жалпы, оқу жылының басынан бері аталған жадынамалар Алтай ауданының, Өскемен және Риддер қалаларының 25 мыңнан астам оқушысына берілді. 25 қыркүйекке дейін Шығыс Қазақстан облысының барлық өңірлеріндегі бастауыш сынып оқушыларын қамту жоспарлануда.