«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» республикалық байқауының облыстық кезеңі

«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» республикалық байқауының облыстық кезеңі

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 12 наурызда меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар арасында ата-аналардың қатысуымен «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес байқауға облысымыздың 9 аудан/қалаларынан келіп түскен 10 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:

            1-орын – ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК;

2-орын – ШҚО ББ «Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ;

3-орын – ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ мен ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;

«Үздік қолөнер бұйымы» - ШҚО ББ «Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің №1 Марқакөл орта мектебі» КММ;

«Ұйымшыл отбасы» - ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің  «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК;

«Өнерлі отбасы» - ШҚО ББ Үлкен Нарын ауданы бойынша «Көкбастау орта мектебі» КММ;

«Еңбекқор отбасы»- ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ;

«Өнегелі отбасы»- ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ;

«Шығармашыл отбасы» - ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Аленка» № 24 бөбекжай-бақшасы» КМҚК.

Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!