
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 12 наурызда меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар арасында мектеп жасына дейінгі балалармен «Ханталапай» Республикалық ұлттық ойындар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес облысымыздың 9 аудан/қалаларынан келіп түскен 21 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:
1-орын – ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Пчелка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК мен ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №7 «Радуга» балабақша-бөбекжайы» КМҚК;
2-орын – ШҚО ББ «Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, «Лада» балабақшасы ЖШС және ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ;
3-орын – ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балпапан» балабақша-бөбекжайы» КМҚК, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ мен «Шығыс Балдырған» балабақшасы ЖШС;
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» - «Happy Baby Zaisan» балабақшасы ЖШС;
«Алтын сақа» - ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;
«Үздік ұйымдастырылған ұлттық ойын» -ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №62 арнайы балабақшасы» КММ;
«Тапқырлар мен ептілер» -ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қайыңды негізгі орта мектебі» КММ;
«Белсенді ойыншылар» - ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №4 «Сәулетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК мен ШҚО ББ «Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Күншуақ» арнайы балабақшасы» КМҚК;
«Үздік ойын алаңы» - ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Кеңсай орта мектебі» КММ.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!