Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Орман шаруашылығының үздік қызметкері» облыстық кәсіби шеберлік конкурсы

Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Орман шаруашылығының үздік қызметкері» облыстық кәсіби шеберлік конкурсы

2025 жылдың 12 наурызында ауыл шаруашылығы саласы бойынша облыстық оқу-әдiстемелiк бiрлестiгінің ұйымдастыруымен Риддер колледжінің базасында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Орман шаруашылығының үздік қызметкері» облыстық кәсіби шеберлік конкурсы басталады.

Конкурстың мақсаты ТжКБ педагогтерінің кәсіби біліктілігін және қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру болып табылады.

Конкурсқа кемінде 3 жыл педагогикалық өтілі бар орман шаруашылығы бойынша арнайы пәндер оқытушылары және ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері қатысады.

Конкурс 2 кезеңде өткізіледі:

1 кезең – 12 наурыз, теориялық (сырттай), тестілеу;

2 кезең – 10-11 сәуір, тәжірибелік (офлайн): техникалық құжаттаманы ресімдеумен кесілетін ағашты белгілеп өлшеу және бағалау.