
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Абайдың 175 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Сандық ғасыр мұғалімі» қашықтық телесабақтарының облыстық байқауы өтті. Байқауға қатысуға облыстың Жарма, Үржар, Аягөз, Бесқарағай аудандарының мұғалімдері белсенділік танытып, өтініш берді.
Қазылар алқасы шешімімен Абай шығармалары арқылы оқушыларды ұлттық құндылықтарға дәріптеу мақсатына құрылған, байқау шарттарына сәйкес сапалы сабақтар жолдаған үміткер мұғалімдер анықталып, төмендегідей жүлделі орындар тағайындалды:
І орын: Умбетова Э.Т., Үржар ауданы;
ІІ орын: Кожабекова М.Т., Жунусова Э.С. Уржар ауданы;
ІІІ орын: Омарова Қ.Е., Бесқарағай ауданы, Нургалиева А.К., Жарма ауданы.
Алғыс хаттар: Карманова У.А., Абдулдинова А..А., Жарма ауданы; Құрманова А.Б., Торгаева Г.Т., Серикказиева Г.С ., Сапарханова Д.С.,Үржар ауданы. Телесабақтардың мазмұндық-инновациялық сапасы мен байқау талабына сәйкестігі тұрғысынан сараптай келе, Умбетова Э.Т., Кожабекова М.Т., Жунусова Э.С ұстаздардың сабақтары Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беру порталындағы телесабақтар базасын толықтыруға жіберілді.