ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№50 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында 2025 жылғы 5 наурызда «Қосымша білім берудің үздік педагогі - 2025» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: педагог мәртебесін арттыру және қосымша білім берудегі педагогтердің кәсіби шеберлігін айқындау, кәсіби қызметте биік жетістіктерге жеткен, қосымша білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтап, тарату.
Байқауға облыстың қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Байқау 2 кезеңде өткізілді: 1 кезең - аудандық (қалалық), 2 кезең - облыстық. Облыстық кезең 2 бөлімнен: «Менің сабағым» сабақтан үзінді және «Шеберлік сыныбы» әр қатысушының өзі таңдаған тақырыптағы шеберлік сыныбы.
Байқау комиссиясы қорытынды шығарып қосымша білім берудің музыкалық, көркем - эстетикалық, хореографиялық, көркем бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер және ғылыми-техникалық, өнертапқыштық, робототехника бағыттары бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Сондай-ақ «Ізденімпаз педагог», «Шығармашыл педагог» және «Шебер педагог» аталымдары берілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!