«Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

«Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 4 наурызында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға облыстың және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 18 педагогы қатысты.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша:

І орын - Ильясов Акниет Дарханович, Самар ауданы «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ математика пәні мұғалімі;

ІІ орын - Чекетаева Жазира Ануарбековна, Күршім ауданы «Н.Островский атындағы№4 Күршім орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі;

ІІІ орын - Жилмаспаева Назигуль Кадылбековна, Катонқарағай ауданы «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі;

ІІІ орын - Коновалов Максим Аркадьевич, Шемонаиха ауданы «И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ математика пәні мұғалімі дипломдарымен марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздары (төрт педагогтан тұратын команда) ағымдағы жылдың 27-28 наурызында Абай облысы Семей қаласында өтетін «Математикалық регата» олимпиадасына республикалық кезеңіне қатысады.