
2025 жылғы 24 ақпан мен 01 наурыз аралығында Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының Х қысқы чемпионатына қатысты
Чемпионаттың мақсаты - өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын насихаттау, өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және нығайту, Қазақстан Республикасында өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша 14 команда арасында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы жалпыкомандалық I орынды иеленді.
Жеке есепте:
. - Никита Боков - «№ 26 орта мектеп» КММ-нің 9 сынып оқушысы, 100 м қашықтықта кедергілермен жүгіруде орта топта аталған пән бойынша ҚР-ның жаңа рекордын орнатты;
- Кәрімов Радмир - «Көлiк және қауiпсiздiк колледжi» КММ студентi жоғары жастағы топта 100 м кедергiлермен жүгiру бойынша I орынды иелендi;
- «№ 19 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ 9 сынып оқушысы Артем Виноградов шабуыл сатысымен көтерілуден ІІ орынды иеленді.
Қатысушыларды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!