«2025-2026 оқу жылындағы нысаналы мектептердің жеке портреттерін әзірлеу» әдістемелік сағаты

«2025-2026 оқу жылындағы нысаналы мектептердің жеке портреттерін әзірлеу» әдістемелік сағаты

2025 жылғы 4 наурыз күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспары негізінде ШҚО бойынша «943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобаға қатысушы 80 мектеп директорлары және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «2025-2026 оқу жылындағы нысаналы мектептердің жеке портреттерін әзірлеу» әдістемелік сағатын өткізді.

Іс-шара барысында білім беруді басқару және білім беру ұйымдарының қызметін мониторингілеу жөніндегі әдістемелік бөлім басшысының м.а. К.Т. Байболова және қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндер бөлімінің әдіскері А.Ж. Билялова нысаналы мектептердің жеке портретін әзірлеу алгоритмімен таныстырды. Ағымдағы оқу жылында әзірленген 25 нысаналы мектептің портреттерін негізге ала отырып,  портреттердің әзірленуі бойынша қойылатын талаптарға, тиісті бөлімдерді толтыруда түсініктеме берді.

Әдістемелік сағат соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылардың толғандырған сұрақтарына жауап беріліп, әдістемелік көмек жасалды.

Іс-шараға 180 педагог қатысты.

#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау