2025 жылғы 3 наурыздан бастап Өскемен қаласының балабақшалары ваучерлік қаржыландыруға көшті

2025 жылғы 3 наурыздан бастап Өскемен қаласының балабақшалары ваучерлік қаржыландыруға көшті

Бүгіннен бастап balabaqsha.snation.kz порталында ваучер алуға өтініш беруге болады. Ваучерлік кезек автоматты түрде қалыптастырылды, өтінімдер өтініш берушінің санаттары, жас тобы және өтініш берілген күні бойынша бөлінді.

Наурыздың 4 күні алғашқы ваучерлер беріледі, ваучерлермен балалар бос орындарға жолдама ала алады.

Өскемен қаласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарына барып жүрген 15 мың бала автоматты түрде ваучер ұстаушылары болатынын айта кету керек.

Жоба балабақшаларды қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қарқынды бәсекелестікке және білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға ықпал етеді.