«Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер және пән олимпиадасына дайындау жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум

«Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер және пән олимпиадасына дайындау жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» 2025 жылғы 28 ақпанда физика, информатика, химия биология пән мұғалімдеріне «ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновация» лицейі» КММ тәжірибесін тарату мақсатында «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер және пән олимпиадасына дайындау жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум шеберлік сыныбын өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді талқылау, тәжірибе алмасу және пәндік олимпиадаға дайындаудың заманауи жолдарын қарастыру.

Іс-шара барысында келесі негізгі тақырыптар қамтылды: олимпиадалық есептерді шешу стратегиялары; дарынды оқушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері; психологиялық дайындық және мотивация. Олимпиадалық есептерді шешу бойынша шеберлік сыныптары; мұғалімдерге арналған тренингтер мен тәжірибе алмасу.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар жасалды. Семинар барлық қатысушылар үшін пайдалы әрі нәтижелі өтті. Қатысушылар алған білімдері мен тәжірибелерін өз жұмыстарында тиімді қолданатындықтарын атап өтті.