Еңбек адамы болу – беделді әрі құрметті

Еңбек адамы болу – беделді әрі құрметті

🔰Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 28 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Үлбі металлургиялық зауытымен бірлесіп Өскемен қаласындағы мектеп оқушыларына кәсіпорын қызметкерлерімен мотивациялық кездесу өткізді.
🎯Шараның мақсаты – жастарға мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету, оларға сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды насихаттау.
🏭Кәсіпорынның тарихи және заманауи залында өткізілген эксурсия мектеп оқушыларына кәсіпорынның құрылу тарихы мен аймақ экономикасының дамуына қосқан үлесі туралы танысуға мүмкіндік алды.
👷🏻Мотивациялық кездесулер барысында кәсіпорын қызметкерлері тәжірибелерімен бөлісіп, табысқа жету жолдары, кездескен қиындықтары және кәсіби даму жайлы айтып берді. Мектеп оқушылары мансап мүмкіндіктері, қажетті дағдылар туралы білді және қызметкерлерге сұрақтар қойды.
👩🏻‍🏫Шара соңында қатысушылар үшін мамандықтар туралы тақырыптық викторина ұйымдастырылды. Викторина жеңімпаздарына жұмыс біліктілігі бойынша колледжде тегін білім алуға сертификаттар табысталды.
📌Бұл шара балалардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына маңызды қадам болды.