
Алматыда Almaty Tech Cup-2025 робототехника және дрондар бойынша Орталық Азия халықаралық чемпионаты аяқталды, оған Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Үндістан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 3 мыңнан астам қатысушы қатысты.
Робототехника чемпионатының тақырыбы су ресурстары мен су асты әлемінің жаһандық мәселесін зерттеуге арналды. Қатысушылар роботтарды құрастырып қана қоймай, суды тазартуға, экожүйелерді бақылауға және теңіз флорасы мен фаунасын қалпына келтіруге бағытталған жобаларды әзірледі. Оқушылар өздерінің ғылыми әзірлемелері мен инновациялық стартап-жобаларын төрт жас санатында ұсынды.
Алтай қаласының «№7 орта мектебі» КММ Altay командасы құрамында 6 оқушы (Исмагилов Руслан, Жангельдинов Рамиль, Щепин Тимофей, Макаров Кирилл, Черных Тимур и Потанин Роман) Халықаралық Чемпионатқа қатысты.
Біздің оқушылар дрондар бойынша жарыстарға қатысып, үздік нәтижелер көрсетті: Черных Тимур и Потанин Романның 11-сынып оқушылары Алматы: Turan University және Energo University ЖОО-да оқуға грант алды.
Команда бағдарламаланатын дрондар санатында 3-ші жүлделі орынға ие болды және «Innovation Award» (инновациялық сыйлық), бағалы сыйлық - дрондарға арналған радио басқару пульті, сондай-ақ естелік сыйлықтар алды.
Оқушылар үлкен тәжірибе алып, жаңа идеялар мен мақсаттардан шабыт алды.