«Қазақстан Республикасында алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы-оқытушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы

«Қазақстан Республикасында алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы-оқытушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2025 жылдың 21 ақпанында аудандық және қалалық білім бөлімдерінің алғашқы әскери және технологиялық даярлық бойынша әдіскерлері, жалпы білім беретін мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ АӘжТД мұғалімдеріне арналған республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты – алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырып, оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Бұл шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қорғаныс зерттеулері департаментінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан қолбасшылығының өңірлік басқармалары мен әскери бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында, ҚР ҰҚК Шекара қызметі ШҚО облысы бойынша департаменті, ШҚО Төтенже жағдайлар Департаменті,  «Восток» өңірлік қолбасшылығы 27943 әскери бөлімі, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының 5518 әскери бөлімдерінен  арнайы шақырылған спикерлер пленарлық бөлімде жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.

ҚР Қорғаныс министрлігі «АСЗО» АҚ қорғаныс зерттеулері департаментінің бас сарапшысы, полковник Е.С.Закиев АӘжТД пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттерін жетілдіру бойынша сөз қозғады.

Сондай-ақ, №46 орта мектептің алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні мұғалімі 10 сынып оқушыларымен шеберлік сыныбын өткізді.

Шара барысында Қарулы Күштердегі, өзге әскерлер мен әскери құрылымдар қару-жарағы, құрал-жабдықтары, киім-кешек көрмесі ұйымдастырылды.

Мектеп қабырғасында оқушылардың бойында әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыруда жетістікке жеткен АӘжТД  мұғалімдері білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Конференцияның қорытынды бөлімінде әскери-патриоттық бағыттағы жұмысты жандандыру жөнінде шешімдер қабылданып, шара Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің әскери оркестрі, «Восток» өңірлік қолбасшылығы 27943 әскери бөлімдері  және  мектеп мұғалімдері мен оқушыларының ұсынған салтанатты концертімен аяқталды.