«Қашықтан оқытудың әдістері мен құралдары» атты қашықтан оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсы

«Қашықтан оқытудың әдістері мен құралдары» атты қашықтан оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылғы  24-28 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің  2020 жылғы 10 шілдедегі хаттамалық тапсырмасы аясында «Қашықтан оқытудың әдістері мен құралдары» атты қысқамерзімді 36 сағаттық онлайн тәртібінде біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курсты арнайы курс өтіп даярланған 10 мұғалім-тренер жүргізуде.

Курстың мақсаты - мұғалімдердің сандық білім беру ресурстарымен және қашықтан білім беру үшін қажетті инфрақұрылыммен жұмыс істеуге дайындығын қамтамасыз ету.

Курс бағдарламасы барлық пән мұғалімдеріне және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған және бес модульді қамтыды: Google интернет қызметі, Zoom, Google Classroom, Screencast және мұғалімнің сандық сауаттылығы.

Курс тыңдаушылары курстың маңыздылығы мен тиімділігі туралы пікірлерімен алмасты.

Курстың соңғы  легі нәтижесінде 171 тыңдаушыға білім басқармасының сертификаты табысталды.