
21.02.2025ж. күні оқушылардың робототехника, бағдарламалау, және үшөлшемді компьютерлік модельдеу технологиясын меңгеру және қолдану саласындағы шығармашылық интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі №1 Марқакөл орта мектебінде өткізілді. Чемпионатқа 3 команда, 36 оқушы қатысты. Командалар 10+ және 14+ жасерекшеліктері бойынша сайысқа түсті.
Чемпионаттың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алған оқушылар:
10+ жасерекшелік бойынша:
Сызық бойымен жарыс – Оразхан Әнуар, «Қ.Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
Кегельринг – Галымов Нұрдәулет, «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ
Сумо – Серікбосынов Ералы «Қ.Нұрғалиев мектеп гимназиясы» КММ
3D модельдеу – Рахимұлы Ислам, Серікұлы Абыз, «Қалжыр орта мектебі» КММ
Бағдарламалау – Төлепберген Айзере,Болат Тоты, «Қ.Нұрғалиев мектеп гимназиясы» КММ
14+ жасерекшелік бойынша:
Танк биатлоны – Талдау Ернар, «Қ.Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
Кегельринг квадро – Жеңісхан Ернар, «Қ.Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
Робосумо 14+ ---- Мұратұлы Азамат, «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ
3D модельдеу – Қалиолдаева Инабат,Манарбекова Айсұлу, «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ
Бағдарламалау – Меллатхан Дарын, Бекжанова Ақзер, «Қалжыр орта мектебі» КММ.