
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бірлесіп ұйымдастыруымен 2025 жылғы 20 ақпанда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасын, «Балалар кітапханасы» бағдарламасын, ҚР Оқу-ағарту және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Шығармашылық зиялы қауым – Қазақстан балаларына» жобасын іске асыру аясында республикалық балалар басылымы жинағына кірген газет-журналдардың редакторларымен онлайн кездесу өткізді.
Кездесуге облыс көлемінде ата-аналар, мұғалімдер, мектеп кітапханашылары, бастауыш және 5-9 сыныптарының оқушылары, барлығы 1000 - нан астам адам қатысты. Шығармашылық кездесуде редакторлар журналдармен таныстырып, мерзімді басылымдарды оқудың, білім мен тәрбие берудегі маңыздылығын баяндап, қойылған сұрақтарға жауап беріп, құнды пікірлер қалдырды.
Кездесу соңында ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар ұйымдастырушыларға, редакторларға алғыс, тілектерін білдірді.
#Біртұтас_тәрбие #Балаларкітапханасы #Оқуғақұштармектеп