«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының  облыстық кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ бірлесе отырып 2025 жылғы 08 ақпан күні «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиадаға облыстық мамандандырылған және жалпы орта білім беру мекемелерінен жалпы саны 120-ға жуық оқушы қатысты.

Олимпиада 5 бағыт бойынша өткізілді:

  1. «Бейнелеушілер»;
  2. «Білгірлер бәйгесі»;
  3. «Жас қаламгер»;
  4. «Сөз шеберлері»;
  5. «Әнші-бұлбұлдар».

Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары олимпиаданың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Олимпиада жеңімпаздарының тізімі shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.

Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!